$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері марапатталды

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашты

Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері марапатталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін 19 қазанда ҚР Төтенше жағайлар министрлігінде Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy веомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды көрсететін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!», - деп атап өтті министр.

ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері кәсіби мереке құрметіне лайықты марапаттарға ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары