Тағы бір КВН ойыншысы саясатқа бет бұрды

«Сборная РУДН» командасының капитаны Сандгажи Тарбаев Ресей президенттігіне қарасты Калмыкия басшысының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Ол бұл тағайындалуға қатысты ойымен Instagram парақшасында бөлісті.

Тағы бір КВН ойыншысы саясатқа бет бұрды
Сангаджи Тарбаев (Фото: Александр Щербак / ТАСС)

Әзілкеш өз елінің қоғамдық жұмыстарына белсенді кірісуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Сандгажи Калмыкия Республикасы атынан Сенатор постына үміткер болғанын және ол үшін елдің басшысына алғыс білдіретінін жазды. 

«Өкінішке орай жағдай басқаша болып кетті. Мен саяси интригаларға толық тоқталып отырмаймын. Республиканың тағдыры шешілер тұста Бату соңына дейін баруға ниетті еді. Алайда мен үшін елім маңызды және жауапты басшының шешім қабылдауда бұл негізгі критерийлері екенін атап өткім келеді»,-деп Сандгажи Сенатор лауазымына не үшін қабылданбағанын түсіндірді.

С.Тарбаев қоғам қайраткері Бату Хасиковпен кездесіп, Мәскеуде Калмыкия елінің атынан тұрақты өкілі қызметін қабылдап алды. Бұл лауазымда ол Үкіметтің федералды органдарымен байланыс орнату, мемлекетке инвестиция тарту, Мәскеуде тұратын жерлестерінің іс-әрекеттерін бақылау және көмектесу жұмыстарын атқаратын болады.    

Сандгажи Тарбаев-қалмық елінен шыққан атақты әзілкеш, тележүргізуші. «Сборная РУДН» КВН командасының капитаны, «Yellow, Black and White» компаниясының бас продюсері.

Еске сала кетейік, саясатқа бет бұрып жатқан КВН ойыншыларының қатары артуда. Бұдан алдын «Дрим-Тим» командасында өнер көрсеткен Сергей Сивохо Украинада жаңа қызметке тағайындалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.