$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 22:48
Кейіпкер

КВН ойыншысы жоғары лауазымға ие болды

Украина Президенті Владимир Зеленский 90-жылдары КВН ойындарында танымал болған Сергей Сивохоны Донбасстың реинтеграция және қалпына келтіру мәселесі бойынша Ұлттық қауіпсіздік және Қорғаныс Кеңесі хатшысының кеңесшісі қызметіне тағайындады.

КВН ойыншысы жоғары лауазымға ие болды
https://www.facebook.com/sivokho/

Бұл туралы шоумен Facebook парақшасында бөлісіп, аталған тағайындау ол үшін «үлкен жауапкершілік» екенін жеткізді.

«Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.Жоспарларымыз да айтарлықтай көп. Алдымызда қиын да маңызды жұмыстар күтіп тұр. Сіздердің қолдауларыңыз аса маңызды! Жерге қаратпаймын!»- деп Сивохо ағынан жарылды.

50 жасты алқымдаған КВН қатысушы атақты «Квартал 95» бағдарламасының креативті продюсері қызметінде бірнеше жылдар жұмыс істеді. 2019 жылы ол Украинада «Слуга народа» партиясының атынан халықтық депутаттық сайлауға түсіп, алайда жеңіліп қалған болатын.  

Серіктес жаңалықтары