Олжас Бектенов АЭС құрылысы бойынша референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Azattyq Rýhy

Референдумда дауыс беру құқығына ие 12 244 683 азамат тізімге енгізілген

Олжас Бектенов АЭС құрылысы бойынша референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Фото: үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов атом электр станциясының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдумда алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 6 қазан күні сағат 7:00-дегі жағдай бойынша елдегі барлық 10 249 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады. Ал 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы 6:00-де басталған.

Референдумда дауыс беру құқығына ие 12 244 683 азамат тізімге енгізілген. Сондай-ақ, азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша 10 623 есептен шығару куәлігі берілген.

Қазақстанда барлығы 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 59 елде орналасқан 74 учаске шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктерінде ашылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.