Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

Azattyq Rýhy

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде

Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда
Фото:  Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметі

Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың тұрғындары дауыс беруге келіп, белсенділік танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек», – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.