АЭС құрылысы: 12 миллионнан аса қазақстандық дауыс беруге құқылы

Azattyq Rýhy

84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды

АЭС құрылысы: 12 миллионнан аса қазақстандық дауыс беруге құқылы
Фото: Azattyq Rýhy

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша  өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Орталық саулау комиссиясына сілтеме жасап.

84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Тізімдерге 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді.

«Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.