АЭС: жалпыұлттық референдумда ең бірінші болып Сеулдегі қазақстандықтар дауыс берді

Azattyq Rýhy

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған

АЭС: жалпыұлттық референдумда ең бірінші болып Сеулдегі қазақстандықтар дауыс берді
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың бірі болып Корея Республикасында жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді.

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум - қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды», - деді К.Маутова.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын көптеген қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты. «Бұл біздің еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдаудың ұжымдық мүмкіндігі және бұл референдум экономикалық даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», - деді дауыс беруші.

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.