05.10.2024, 18:12
Жаңалықтар
Қостанай облысында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды
Оқиға 26 қыркүйекте болған
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Tobolinfo-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды.
Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
«26 қыркүйекте Қостанай ауданының Садовый кентінде кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап кетті. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.
Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақпаратқа сәйкес, жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған, оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды