05.10.2024, 16:51
Жаңалықтар
Алматыда халықаралық іздеуде болған Моңғолия азаматы ұсталды
Оның ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны анықталды
Фото: Polisia.kz
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.
Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған.
Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар
11.07.2026, 10:23
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды