05.10.2024, 12:45
Жаңалықтар
Әнші Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды
Жаназасы 6 қазан күні өтеді
Фото: Facebook/Оралхан Дәуіт
Танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы ертең 6 қазан күні Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылындағы өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің қазасы туралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды.
«Қайран, Гүлнәр әпке…
Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.
Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…
Алла Тағалам о дүниеңізді берсін», - деп жазды Оралхан Дәуіт.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады