12.05.2020, 23:45
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласында аудан әкімі ескерту алды
Оған барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді
Фото: instagram.com/akimat_nur_sultan
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновке ескерту жасалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Саябақтың жай-күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Әбу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын», - делінген ақпаратта.
Айта кету керек, биыл Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және таза ауада серуендеуге арналған басқа да орындар бар.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді