$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2020, 11:47
Жаңалықтар

Атыраудағы Теңіз кенішінде тағы үш жұмысшы COVID-19 вирусын жұқтырған

Бүгінге дейін Атырау облысында 302 адамнан коронавирус анықталды 

Атыраудағы Теңіз кенішінде тағы үш жұмысшы COVID-19 вирусын жұқтырған
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 302 адамға жетті, деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Штаб мәліметіне сәйкес, үш науқас  та - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1963, 1999 жылғы екі ер адам және 1984 жылғы әйел.

«CОVID-19 анықталғанға дейін, жұмысшылардың барлығы  бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Олардан  сынама  алынып, нәтижесінде  COVID-19 диагнозы расталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес  ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.

Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 302 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.  Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 113.

Серіктес жаңалықтары