11.05.2020, 10:02
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақтар жұмысын қайта бастады
Төтенше жағдай кезінде паркоматтар жұмысы тоқтаған болатын
Sputnik
Елордадағы ақылы автотұрақтардың барлығы 11 мамырдан бастап қайта жұмысын бастайды, деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС.
Еске салайық, аталған автотұрақтар 20 сәуірден бастап, елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері тегін қызмет көрсеткен болатын.
«Паркоматтар антисептикалық құралдармен жиі тазаланып тұрады. Тұрақ ақысын монетамен төлейтін кезде қауіпсіздік үшін қолға резина қолғап кию керек екенін ескертеміз», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, ақылы паркоматтардың жұмыс режимі таңертеңгі 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейінгі аралықты қамтиды. Қалған уақытта тегін. Тұрақтың 1 сағаты – 100 теңге.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
