06.05.2020, 15:46
Жаңалықтар
Мақтараалда су деңгейі 15 см дейін төмендеді
Аудандағы су деңгейі туралы ақпарат
Мақтаарал ауданындағы су деңгейі 4 мамырмен салыстырғанда төмендей бастады, деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см-ге, Жаңатұрмыс елдімекенінде 17 см-ге төмендеген. Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см., Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды.
Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді.
Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды