$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2020, 11:40
Жаңалықтар

Алматыда жұмыс сұраған 6 408 адамның  38-і ғана жұмысқа орналасқан – Әл-ауқат басқармасы

Қалада 26 мың жаңа жұмыс орынын құру жоспарланған

Алматыда жұмыс сұраған 6 408 адамның  38-і ғана жұмысқа орналасқан – Әл-ауқат басқармасы

Алматы да жұмыс іздеп жүргендер саны азаймай тұр. Жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұраған адамдардан 6408 түйіндеме түскен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ал әкімдік 468 жұмыс орны ашылып, бар болғаны тек 38 адамның жұмысқа орналастырылғанын айтты. Жұмыс іздеген азаматтардың көбі құрылыс саласына барғылары келген.

«Жол картасы аясында жұмысқа орналасуды жәрдемдесу үшін 6 408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам - құрылыс алаңдарында жұмыс істеу үшін. Барылғы 12 жоба тіркелді. Тіркелген жұмыссыздардың ішінде 38 адам жұмысқа орналастырылды. Өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты жұмыс істейді, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар, өтініш беруге сілтеме де бар»,  -деді Алматы қаласы әл-ауқат Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында өткен онлайн брифингте басқарма басшылары 26 мың жаңа жұмыс орынын құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Ал осы орындарға жұмыссыз жастар тартылмақ.

«Әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту. Инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, елді мекендерді абаттандыру. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастар үшін басымдық беріледі. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50%-ы болатын 26 мың жаңа жұмыс орынын құру жоспарлануда. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады», -деді Д. Әлкебайұлы. 

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде Алматыда  47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары