Алматы-Токио рейсі 2026 жылы іске қосылады

Молдатай Сымбат

Air Astana мен Japan Airlines келісімге келді

Алматы-Токио рейсі 2026 жылы іске қосылады
Фото: istockphoto.com

2026 жылдың көктемінде Алматы-Токио рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Air Astana және Japan Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойды.

Келісім екі әуекомпанияға 2026 жылдың көктемінде іске қосылуы жоспарланған Алматы-Токио жаңа рейсіне өздерінің тиісті кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.

«Бұл келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік және туристік саяхат үшін байланысты жақсартады, сонымен қатар екі ел арасындағы адамдар мен тауарлардың тасымалын ұлғайтады», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

Ұшу кестесі туралы ақпарат әуе компанияларының жоспарлау және билет сату жүйелерін біріктіргеннен кейін қосымша жарияланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.