Алдағы 3 тәулік жаңбыр жауады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Молдатай Сымбат

«Қазгидромет» болжамымен бөлісті

Алдағы 3 тәулік жаңбыр жауады: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Фото: Azattyq Rýhy

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада 23 тамызда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы. 24 тамызда жаңбыр, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 жылы. 25 тамызда синоптиктер жаңбыр, найзағай жауады деп болжады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 жылы.

Алматыда 23 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 жылы. 24 тамызда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай болжанады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 жылы. 25 тамызда күн бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 жылы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.