$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айлығы 1 миллионнан асатындар МӘМС жарнасын қашан төлейді

Жарнаның шекті мөлшерін 4,5 млн теңгеге дейін көтеру талқылануда

Айлығы 1 миллионнан асатындар МӘМС жарнасын қашан төлейді
Фото: egemen.kz

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов МӘМС жарнасының шекті мөлшері көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

МӘМС-ке аударылатын жарна қарапайым азаматтар табысының 2 пайызынан алынады. Бірақ айлығы 850 мың теңгеден асатын адамдар осы сомадан жоғары табыс үшін МӘМС жарнасын төлемейді.

«Біз еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің 1,2 млн теңгеге дейін айлық алатынын білеміз. Яғни, олар МӘМС жарнасына осы 1,2 млн теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызын ғана төлейді. Бұл әділетсіз деп ойламайсыз ба?» - деп сұрады журналист.

Қор басшысы бұл әділетсіздікті жою үшін салаға жауапты мемлекеттік органдар Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған жаңа өзгерісті мақұлдау керектігін айтады.

«Ол рас, МӘМС жарнасы азаматтың айлығы 850 мың теңгеден асса. Оның үстінен төленбейді. Жалпы қазір Денсаулық сақтау министрлігінде осы мәселе қарастырылып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Біздің қор да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңдық бастама ретінде ұсыныс енгізіледі. 10 минималдық айлықтан 50 минималдықтан көтеру ұсынысы, яғни, 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге көтеру мәселесі қарастырылуда», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#МӘМС #жарна