17.08.2024, 15:17
Жаңалықтар
Қазақстандық блогер-трансгендер 2028 жылғы Олимпиадаға барғысы келетінін айтты
Оның ұл бала болып жүрген шағында бокспен айналысқаны айтылды
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандық блогер-трансгендер Амилай Баймұратова боксқа оралып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трансгендер саналатын блогер ұл бала болып жүрген балалық шағында бокспен айналысқаны белгілі болды. Қазір осы спорт түріне қайта оралып, әйелдер құрамасында өнер көрсеткісі келетінін айтты.
«Мен еліме алтын медаль әкелемін. Елім мені алтынмен аптайтын болады», - дейді Амилай Баймұратова.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында алжирлік боксшы Иман Хелиф трансгендер деп әлем жұртшылығы тарапынан сынға ұшыраған. Алайда боксшының өзі туғанынан қыз бала болғанын Олимпиада чемпионы болғаннан кейін айтты.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады