5-7 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ел аумағында түнде сынап бағанасы 0℃-тан төмен түседі
Антициклонның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімге күн суытады. Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0℃-тан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.
Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі.