«Тыныш жүр, уағызыңды айтпай»: танымал журналист Елдос Сметовке шүйлікті
Журналист өз сөзінде Елдос Сметовке уағыз айтпай, тыныш жүру керектігін ескертті
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Париж Олимпиадасында жалғыз алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметовті сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист өз сөзінде Елдос Сметовке уағыз айтпай, тыныш жүру керектігін ескертті.
«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!
Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!» - деп жазды ол.