$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Су беріңізші» деп үйіне кірген: Астанада зейнеткерді тонап кетті

Елорданың 35 жастағы тұрғыны ұсталды

«Су беріңізші» деп үйіне кірген: Астанада зейнеткерді тонап кетті
Фото: freepik.com

Астана тұрғыны зейнеткерді алдап, 300 мың теңгесін алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндізгі уақытта қарт кісі зейнетақысын алу үшін поштаға барған кезде болған. Қорғансыз зейнеткерді байқап, шабуылдаушы онымен тілдесіп, «су беріңізші» деген сылтаумен қарт кісінің үйіне кірген.

«Пәтерге кірген ұры қарт адамды күшпен итеріп жібереді де, қолынан 300 мың теңгеден астам ақшасы бар барсетканы тартып алады. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен», - деді полиция.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер елорданың 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі.

Қазақстандықтарды сақ болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Көбінесе қарт адамдар алаяқтардың құрбаны болады, олар мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін біліп, заңсыз әрекеттер бола қалған жағдайда дереу полицияға хабарлауы керек.

Серіктес жаңалықтары