$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда мұнай компаниясы мемлекетке 673 млн теңге залал келтірген

Жер қойнауын пайдаланушы компания ерікті түрде залалдың 285 млн теңгесін төледі

Атырауда мұнай компаниясы мемлекетке 673 млн теңге залал келтірген
Фото: istockphoto.com

Атырау облысында мұнай компаниясы мемлекетке 673 млн 130 мың теңге залал келтірген. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдары аралығында жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.

«Жер қойнауын пайдалануға қатысты заңдылықтың сақталуына тұрақты қадағалау жүргізіліп келеді. Мәселен, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдары аралығында 4 237 248 текше метр шикі газдың жоғалуына жол бергені анықталды. Бұл – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу. Заңдылыққа сәйкес көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек. Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасының мамандары мемлекетке келтірілген залал мөлшерін есептеді. Залал көлемі 673 млн 130 мың 278 теңгені құрады. Жер қойнауын пайдаланушы компания ерікті түрде залалдың 285 млн теңгесін төледі», - хабарлады облыстық прокуратурадан.

Серіктес жаңалықтары