05.08.2024, 00:30
Жаңалықтар
Астанада Қарқаралы тас жолы ішінара жабылады
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылатын болады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Жұлдыз» айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тас жолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді.Бұл туралы Астана әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қозғалыс көрсетілген учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылатын болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды