$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еркен Жақатай «СҚ-Фармация» төрағасы болып тағайындалды

Өткен айда Ерхат Есқалиев ЖШС басшылығынан мерзімінен бұрын босатылды  

Еркен Жақатай «СҚ-Фармация» төрағасы болып тағайындалды
Фото: sk-pharmacy.kz

Еркен Исаханұлы Жақатай «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол «Автоматика және басқару жүйесі» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін (1994 ж.), «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2001 ж.) бітірген.

Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік («Қазына» Тұрақты даму қорының «Даму «Қоры» АҚ, ҚР «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.

2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

Өткен айда Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» басшылығынан кетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» ЖШС-де елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған. Атап айтқанда, ойдан шығарылған бәсекелестік, іс жүзінде жоқ қызметкерлерді тіркеген.

Серіктес жаңалықтары