$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бас бостандықтарынан айырылды»: Ақтауда білім басқармасының басшысы мен мектеп директорлары сотталды

«Бас бостандықтарынан айырылды»: Ақтауда білім басқармасының басшысы мен мектеп директорлары сотталды
Фото: Маңғыстау облысының білім басқармасы

Ақтауда сот жеке кәсіпкерді, білім басқармасының бұрынғы басшысын және үш мектеп директорын сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге (ЖК), білім басқармасының бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу органы анықтағандай, жеке кәсіпкер Ш. лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген. Бұрынғы білім басқармасының басшысы Бағдат Тұрғанбаева және үш мектеп директоры пара алғаны үшін айыпталған.

«Соттың анықтауы бойынша, жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісім-шартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісім-шарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға - сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге - 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Соттың шешімі бойынша, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкіну және жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігінде параның 50-ден 60-қа дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағында параның 40-тан 50-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген

«Б. мен Н.-ге ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен - 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 2 тармағына сәйкес, - 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салу. Жеке кәсіпкер Ш. ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен - 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Серіктес жаңалықтары