$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тамыз 41 градус аптап ыстықпен басталады

«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш тәулікке арналған күн райы болжамын жариялады

Тамыз 41 градус аптап ыстықпен басталады
Фото: freepik.com

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде - 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

«1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады», - деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары