$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

31-36 жас аралығындағы ер адамдар ұсталды

Алматыда облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Алматыда облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері қолға түсті. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Бауыржан Аленов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында «қорғауға» аламыз деп кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат түсті.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «маргиналды жастардың» қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады.

25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары