$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Лифтіде балаларды соққыға жыққан алматылыққа қатысты сот үкім шығарды

Оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды

Лифтіде балаларды соққыға жыққан алматылыққа қатысты сот үкім шығарды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты шаһар тұрғынына лифтіде балаларға шабуыл жасағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, ол екі баланың денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, ұрып-соққан.

Материалдарға сәйкес, сейсенбі, 23 шілдеде, кешкі уақытта кәмелетке толмағандар Н.-ның пәтерінің есігін қаққан.

«Үй иесі есікті ашқанда, олар жасырынуға тырысып, лифтке жүгіреді. Сотталушы олардың соңынан еріп, лифтте жәбірленушілердің аяғынан тепкен», - делінген хабарламада.

Ер адам кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген.

«Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, жасаған ісіне өкінуін, бұрын сотталмағандығын ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 Естеріңізге сала кетейік, алматылық тұрғын лифтіде балаларға шабуыл жасаған, бейнебақылау камерасы болған оқиғаны түсірген. Кадрларды әлеуметтік желілердегі парақшасында «Немолчи.кз» қоры жариялады.

Серіктес жаңалықтары