26.07.2024, 20:20
Жаңалықтар
Алматыда сауда орталығына бомба қойылды деген хабарлама жалған болып шықты
Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Фото: depositphotos.com
Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі аталған сауда орнын тексерді, нәтижесінде жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген хабаламада.
Тексеру жұмыстары «Максима» сауда орталығында жүргізілді7
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
21.09.2026, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді
20.09.2026, 20:32
Жаңбыр, тұман және қатты жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды