$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2020, 21:45
Жаңалықтар

Арқалықтағы 84 жастағы науқастың өлімі коронавирустан емес - КИЛИ нәтижесі

Комиссия оның өлімі жүрек-қан тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен болды деген қорытындыға келді

Арқалықтағы 84 жастағы науқастың өлімі коронавирустан емес - КИЛИ нәтижесі
Фото: ашық дереккөзден

27 сәуірде Арқалық қаласындағы 84 жастағы пациенттің үйдегі өлім жағдайын зерттеу бойынша комиссия өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Зерттелген медициналық құжаттамаға сәйкес пациент 2020 жылдың наурыз айынан бастап тіркелген орны бойынша «артериалдық гипертония, 3 кезең, 3 тәуекел, гипертензивті энцефалопатия» диагнозымен Арқалық қалалық емханасында «Д» есепте тұрған. Соңғы екі айда негізгі ауру бойынша үйге бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақырған. Осы мәліметтер негізінде, сондай-ақ пациенттің жасын және созылмалы аурудың болуын ескере отырып, комиссия пациенттің өлімі жүрек-қан қызметінің жеткіліксіздігінен болды деген қорытындыға келді», - деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, пациентте коронавирус инфекциясы қосалқы ауру болған.

Серіктес жаңалықтары