$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түрік компаниясы Алматыда 5 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма салады

Жоба құны – 15 млн АҚШ доллары

Түрік компаниясы Алматыда 5 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма салады
Фото: istockphoto.com

Түрік компаниясы Қазақстанда 5000 тоннаға көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Saraylım Tarım» компаниясының Басқарма Төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі тарап инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Saraylım Tarım» – Түркия Республикасында жемістер мен көкөністерді сақтау саласында жетекші компания. Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, ал, өңдеу қуаттылығы жылына 35 мың тонна. Оның өнімдері әлемнің 18 еліне экспортталады. Компания қуаттылығы 5 мың тонна көкөніс қоймасын салуға мүдделі. Жобаның құны шамамен 15 млн АҚШ долларын құрайды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ сірке суы мен көкөніс консервілерін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салынған инвестиция сомасы 15 млн АҚШ долларын құрамақ.

Ылыджа Мустафа жоба Алматы облысында іске асырылатынын, оған Қазақстандық серіктес анықталғанын хабарлады.

Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау, көзделген субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруға барынша жәрдем көрсетуге дайын», - деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Серіктес жаңалықтары