25.07.2024, 10:30
Жаңалықтар
Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды
Сот актілері осы күнге дейін орындалмай келген
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
55 жер телімі мемлекетке қайтарылды.
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.
Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған», - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.
Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы