$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көшпенділер ойындары: астаналық студенттер сабақтан босатыла ма

Бұл сұраққа министр жауап берді

Көшпенділер ойындары: астаналық студенттер сабақтан босатыла ма
Фото: Астана әкімдігі

8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады. Бұл уақытта астаналық студенттер сабақтан босатыла ма?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шешім бар. Көшпенділер ойындары оқу процесіне ешқандай әсер етпейді. Астанадағы студенттер қалыпты режиммен оқиды. Бұл мектептерге қатысты мәселе шығар. Бірақ жоғары білім бойынша айтсақ, штаттық режимде жұмыс істейміз», - деді Ғылым және жоғары білім министрі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорт, мәдениет және ғылым бағыты бойынша өтеді. Спорттық бағдарлама жарыстарды спорттың 21 түрінен қамтиды. Ойындарда 100-ге жуық медаль жиынтығы ойнатылады.

Серіктес жаңалықтары