$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 45 күн қалды

Астанаға 89 ел өкілдері келеді деп күтілуде

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 45 күн қалды
Фото: Астана әкімдігі

8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Спорттық іс-шараға 89 елден 2 мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» Мұз айдыны сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені.

«Қазанат» ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері бойынша жарыс, сондай-ақ ат жарыстары өтеді. Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдыны сарайында ұлттық күрес, жекпе-жек және халық ойындары бойынша жарыстар, «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар өтеді. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасады.

Спорттық бағдарлама жарыстарды спорттың 21 түрінен қамтиды. Ойындарда 100-ге жуық медаль жиынтығы ойнатылады.

Серіктес жаңалықтары