24.07.2024, 08:51
Жаңалықтар
Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды
Өлімнің нақты себебі анықталуда
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.
«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты