23.07.2024, 04:00
Жаңалықтар
Қазпошта қазақстандықтарға ескерту жасады
Алаяқтардың әрекеті туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен
Фото: depositphotos.com
Киберқылмыскерлер қазақстандықтарға QazPost атынан SMS-хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтардың әрекеті туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен.
«Құрметті клиенттер, белгілі сайттан тауар сатып алып, банк картасының деректемелерін енгізуге сілтеме жіберетін алаяқтардың оқиғалары жиілеп кетті.
- Ешқашан ешкімге банк картасының нөмірі мен CVV кодын айтпаңыз.
- Егер сіз дегенмен белгісіз сайтта төлем жасауды шешсеңіз, онда шешіміңіз үшін толық жауапкершілік өзіңізде болатынын есте сақтаңыз.
- Егер сізге ресми атауы болуы мүмкін күдікті сайттарға кіру ұсынылса, сақ болыңыз, бұл айна сайттары. Олардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу, тауарларды немесе жеткізілімді төлеу.
- Егер сәлемде күтіп отырсаңыз, жеткізу күйін тек біздің post.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшада тексеруге кеңес береміз.
Қазпоштадан хабарламалар тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жіберіледі», - делінген Қазпошта хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
