Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары 2 бап бойынша тергеліп жатыр

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары 2 бап бойынша тергеліп жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл туралы ҚазАқпарат сауалына ресми жауап жолдады.

«Д. Ерғожинге қатысты тергеу қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жымқыру)» 218-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында және «аса ірі мөлшерде пара алу» 366-бабының 4.4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жалғасып жатқанын хабарлаймыз», - деп хабарлады комитет.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты үкім шықты.

Дәулет Ерғожин билікті күшпен басып алғаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.