22.07.2024, 21:20
Жаңалықтар
Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор жаңа лауазымға тағайындалды
Сол кезде ол Астана прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып жүрген
Фото: t.me/Jogargy_sot
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Астана қалалық прокуратурасының хабарлауынша, Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалып, әділет кеңесшісі атанған.
Еске сала кетейік, Айжан Аймағанова Салтанат Нүкенованы өлтіру ісін қараған сотта мемлекеттік айыптаушы болды.
Сол кезде ол Астана прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып жүрген.
Бишімбаев ісінен кейін ол мыңдаған қазақстандықтардың кумиріне айналды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген