22.07.2024, 11:10
Жаңалықтар
Тамыздан бастап Астанада жол ақысы қымбаттайды
18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады

Фото: Azattyq Rýhy
Астанада қоғамдық көлік ақысы 20 теңгеге қымбаттап, 110 теңге деп бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігі автобустарда жол жүрудің жаңа тарифі 1 тамыздан бастап күшіне енетінін хабарлады.
«Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, қалалық маршруттарда жол жүру құны 90 теңге деп 2014 жылы қыркүйекте белгіленді.
18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету – шарт.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
- жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- көпбалалы аналар;
- көпбалалы отбасылар;
- мүгедектер;
- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
- «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
24.08.2025, 12:19
Үржардағы қорқынышты апат: жарақат алған қыз Семейге жеткізілді
24.08.2025, 16:50
«Сатқындық пен көз жасы…»: Сәбит Әбдіхалықов сырын бөлісті
25.08.2025, 09:45
Жуырда олигархқа тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан Астанада зәулім үй салдырып жатыр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
22.08.2025, 10:53
Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, Құран бағыштады (ВИДЕО)