Қарағанды облысында 10 «Жайлы мектеп» салынып жатыр

Azattyq Rýhy

Жалпы, 18 нысан жоспарланған

Қарағанды облысында 10 «Жайлы мектеп» салынып жатыр
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 18 нысан жоспарланған. Қазір он құрылыс жүргізілуде. Олар қалалар мен аудандардағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көгілдір тоғандар шағын ауданында 1200 орындық жайлы мектеп, Кендала шағын ауданында – екі мың орындық мектеп салынуда. Гүлдерде салынатын жаңа оқу орны 300 орынға есептелген. Оқу ордасы ашылғаннан кейін көршілес орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдегі жүктеме төмендейді. Құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде. Материалдарға қатысты проблемалар жоқ. Отандық тауар өндірушілердің өнімдері пайдаланылып жатыр», - деп хабарлады өңір әкімдігі.

Сонымен қатар жиһаз, оқу жабдықтарын сатып алу жүріп жатыр. Әр мектепте STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, спорт және тренажер залдары, коворкингтер жабдықталады. Мүгедектігі бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуы қажет.

Қалада да, ауылда да жайлы мектептер бірыңғай стандарттар бойынша салынып жатыр. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке кіреберісі бар мектеп ғимаратының әр түрлі блоктарында оқиды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.