$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты

Ол Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстырады

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты
Фото: Көлік министрлігі

Т916 бағыты – Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейстер орындауда.

Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.

«Қазаэронавигация» РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары