Этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді
Бұл Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық береді
Бизнес-иммигранттар және сұранысқа ие мамандар саналатын басқа елдің азаматтарына – этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, «Ата жолы» картасын алғандардың арасында инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және т. б. сияқты мамандар бар.
Олар 15 елден келді: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, АҚШ, Австрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланд, Финляндия, Франция және Түрікменстан.
«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып беріледі. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды», - делінген ақпаратта.
«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие болады, бұл оның қандастан ерекшелегі.
Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алса, карта жарамсыз деп танылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.