$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыс орнынан қомақты қаражат ұрлаған: Ақтөбеде бухгалтер бірнеше жылға сотталды

Ол жұмысқа орналасқаннан кейін төрт айдан соң ақша ұрлай бастаған

Жұмыс орнынан қомақты қаражат ұрлаған: Ақтөбеде бухгалтер бірнеше жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Ақтөбедегі жеке компанияның бухгалтері 6 миллион теңгеден астам ақша ұрлап, анасының банктік шотына аударып жіберген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 51 жастағы ақтөбелік тұрғын жеке компанияға бас бухгалтер болып орналасқан. Арада төрт ай өткен соң жұмыс орнынан ақша ұрлай бастаған.

«Ол анасының банктік шотына миллиондаған теңгенің бірнеше траншын аударған, ал есептік құжаттамада бұл жеткізілген тауар үшін ақша екенін көрсеткен. Бірнеше айдың ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңге ұрлап кетті. Анасы қызының қаржылық айла-амалдары туралы білмеген, тек несиесін өтеу үшін банктік картасын бергенін айтты», - деп хабарлады басылым.

Сот үкіміне дейін бұрынғы бас бухгалтер залалдың жартысына жуығын өтеген, бірақ бұл оны жазадан құтқарған жоқ. Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ кіші баласы 14 жасқа толғанға дейін бір жылға кейінге шегерілді.

Серіктес жаңалықтары