21.07.2024, 10:02
Жаңалықтар
Хромтауда өрттен 55 адам құтқарылды
Тұрғын үйдегі өрт сөндірілді
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар өртенді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.
«ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы