21.07.2024, 08:52
Жаңалықтар
Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Тағы бес адам ауруханаға жатқызылды
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, бес адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға 20 шілдеде «Самара-Шымкент» тас жолының Сырдария ауданы Шаған елді мекені тұсында, болған.
«Тәжікстаннан Ресей мемлекетіне бағыт алған „Kia Rio“ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысып бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Бес адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді