Экологиялық талаптарды бұзған: павлодарлық кәсіпорынға 106 млн теңге айыппұл салынды

Azattyq Rýhy

Кәсіпорын заңды тұлғаға 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарын берген

Экологиялық талаптарды бұзған: павлодарлық кәсіпорынға 106 млн теңге айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының прокуратурасы «KSP Steel» ЖШС-нің тиісті рұқсаты жоқ заңды тұлғаға 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды беру фактілерін анықтады. Белгілі болғандай, аталған факті экологиялық заңнаманың талаптарына қайшы келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«KSP Steel» ЖШС әлдебір заңды тұлғаға тиісті рұқсат құжаттары жоқтығына қарамастан 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарын берген. Аталған фактіні прокурорлар анықтады. Кәсіпорын басшылығының жасаған әрекеті экологиялық талаптарға қарама-қайшы», – деп мәлімдеді құзырлы органнан.

Ведомство мәліметінше, қадағалау актісі бойынша салық органдары да өз тараптарынан іске кірісті. Нәтижесінде «KSP Steel» ЖШС-нен қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 106 млн теңге мөлшерінде төлем өндірілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.