Жол саласындағы жемқорлық: соңғы 3,5 жылда 9 млрд теңге жымқырылды
Антикор жол саласындағы тәуекелдерді анықтады

Биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өтті. Осыған байланысты Агенттік пен Үкіметке осы саладағы жемқорлық көріністерін жою тапсырылды. Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы А. Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, ең алдымен, жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процесі зерделенетін болады, НҚА мен ҚНжЕ жемқорлық нормаларына, қақтығыстар мен олқылықтарға тексеру жүргізілді.
«Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі көрсеткендей, ЖСҚ құнын асыра бағалау болудың және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылатынын көрсетеді.
Жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған.
Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады», – делінген хабарламада.
Жұмыстың екінші бағыты жолдардың қазіргі құрылысына мониторинг жүргізу.
Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды.
Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар.
Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді.
Барлық өңірде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды.
«Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда.
Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді.
Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатын болады.
Тек 4 өңірде ғана Орталықпен 526 бұзушылық анықталды, олар кейіннен жойылмады.
Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі», – деп хабарлайды агенттік.