06.07.2024, 11:02
Жаңалықтар
Павлодарда жасөспірім бірнеше күннен бері хабарсыз кетті
Із-түзсіз кеткен бала 2008 жылы туған
Фото: freepik.com
Павлодарда үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен жасөспірімге іздеу салынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lider.kz еріктілер жасағына сілтеме жасап хабарлайды.
Іздеу жасағының мәліметінше, жоғалған бала 2008 жылы туған. Аты-жөні: Темірлан Досов.
«Ол 3 шілдеде сағат 9:00-де Толстой көшесі, 103 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Бойы – 150 сантиметр, дене бітімі – арық, шашы – қара түсті, өсіп кеткен. Үстінде – артқы жағында «Қазақстан» деген жазуы бар көк түсті спорттық костюм, аяғында – сұр кроссовка», – делінген Lider.kz хабарламасында.
Еріктілер жасағы хабар болған жағдайда +7(777)435-57-58, +7(747)917-54-17 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады