06.07.2024, 10:05
Жаңалықтар
Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды
Мемлекет басшысы Физули қаласының әуежайына қонды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады